Қазақ агротехникалық университетіне - 60 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ агротехникалық университетіне - 60 жыл

09.10.2017

Астананың тұңғыш жоғары оқу орны 60 жылдық меретойын тойлап жатыр. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - бүгінде республика бойынша аграрлық сала мамандарын даярлайтын ең ірі білім ордасы. 60 жыл ішінде жоғары оқу орны 65 мыңнан астам түлек шығарды. Университетте 37 мамандық бойынша бакалаврлар, 31 мамандық бойынша магистранттар және 19 мамандық бойынша докторанттар дайындайтын 9 факультет бар. Болашақта ҚазАТУ Назарбаев Университеті үлгісіндегі ғылыми-зерттеу университетіне айналмақ. Қазір осы мақсатта жұмыстар атқарылып жатыр. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу