Басты Жаңалықтар Астана күнінде қайда баруға болады?

Астана күнінде қайда баруға болады?

Астана күнінде қайда баруға болады?

Елорда күніне санаулы ғана күндер қалды. Айтулы мереке қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйламақ.

Осыған орай Астана күнінде болатын ең қызықты шаралар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

3 шілде – «Elle Style Awards Kazakhstan 2016» жүлдесімен марапаттау кеші (Бейбітшілік және келісім сарайы, 17:00)

4 шілде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің шығармашылығына арналған «Жан досым» атты концерт (Конгресс-Холл, 18:00)

4-5 шілде – «Астана-Арқау» атты дәстүрлі түрік музыка фестивалі («Астана-Опера» театрының камералық залы, 19:00)

4-6 шілде -  IV «Серпер» ұлт-аспаптар оркестрінің музыкалық фестивалі (қалалық алаң, 17:00)

4-6 шілде – Халықаралық батпырауық ұшыру фестивалі (Сарайшық көшесі бойындағы көпір маңы, 12:00)

4-6 шілде – Евгений Плющенконың «Снежный король-2» атты шоу-ертегісі («Қазақстан»  спорт сарайы, 16:00 және 20:00)

5 шілде – «Көңілді Астана» әзіл кеші (Конгресс-Холл, 18:00 және 21:00)

6 шілде – Турецкий хорының қатысуымен тұңғыш ұлттық караоке-фестивалі («Бәйтерек» монументі маңындағы алаң, 21:00)

6 шілде – айтыскер ақындардың халықаралық турнирі  (Конгресс-Холл, 15:00)

6 шілде – «Ұлытау ұлы» концерті. Шараға АБК  және «МузАРТ» топтары мен Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі, Тұрсынбек Қабатов қатысады («Алау» мұз сарайы, 19:00)

8 шілде – «МузАРТ» тобының 15 жылдық мерейтойына арналған концерт («Қазақстан» орталық концерт залы, 16:00 және 20:00)

Бағдарлама кестесінде өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін.

Бөлісу