Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «#Жақсылық жаса!» SMM-жобасын өткізуге арналған баспасөз конференциясы өтті.
Шараға жоба жетекшісі Әсет Мұқажанов, «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Зарина Бахтиева, «Үй» қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин, шығармашылық қоғам өкілдері Мөлдір Әуелбекова, Димаш Құдайберген, құқық қорғау органының өкілі Бақыт Әлімқұлов және т.б. қатысты.
Сондай-ақ, өңірлік белсенді меценаттар бейнебайланыс жүйесі арқылы қосылды. Жоба мақсаты – жақсылық, бейбітшілік, өзара қолдау, мейірімділік құндылықтарын әдетке айналдыру және тарату.
Айта кету керек, #ЖақсылықЖаса және #ДелайДобро хэштегімен Қазнетте еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса жазбалар мен роликтер жарияланған.