Хабиба Елебекова: Театр - менің қарашаңырағым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хабиба Елебекова: Театр - менің қарашаңырағым (ВИДЕО)

18.02.2016
Хабиба Елебекова:  Театр - менің қарашаңырағым (ВИДЕО)

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасқа таяды. Жуырда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы актрисаға Қалибек Қуанышбаев туралы киноға түсуге ұсыныс жасаған.

Ғасыр жасаған сахна саңлағын «Таңшолпанның» тілшісі Жазира Зәкірқызы құттықтап қайтты.

Хабиба Елебекова театр өнеріне 70 жылдан аса қызмет етті.  93 жасында киноға түскен. «Тетарға 17 жасымда келдім. Театр - менің қарашаңырағым», дейді актриса.

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын ерекше құрметтейтін өнер иесі таңғы бағдарлама көрермендеріне ақынның өлеңін жатқа оқып берді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу