ОСК саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін бекітті

17.02.2016
ОСК саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін бекітті

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі таратқан деректерден мәлім болды.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы  өтіп, онда «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша саяси партияларға және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» қаулы қабылданды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес, ҚР ОСК 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлау комиссияларына ұсынылған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны,  сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резерві деңгейінде болуы тиіс. Яғни, Парламент Мәжілісі депутаттарының  кезектен тыс сайлауы бойынша – 9889075 дана, мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы бойынша – 18321969 дана бюллетень дайындалуы тиіс. 

Сондай-ақ, ОСК саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітіп, сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесін белгіледі. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Хабарламаларға жазылу