Қазақстандағы парламенттік сайлау елді тұрақтылық негізінде дамытуға ықпал етеді – ресейлік сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы парламенттік сайлау елді тұрақтылық негізінде дамытуға ықпал етеді – ресейлік сарапшылар

12.02.2016
Қазақстандағы парламенттік сайлау елді тұрақтылық негізінде  дамытуға ықпал етеді – ресейлік сарапшылар

Кеше «Ресей бүгін» агенттігінде «Қазақстандағы мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлау мен ресейлік-қазақстандық қатынастардың болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырыс өтті. 

Аталмыш шараны М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ның Посткеңестік кеңістікті зерттеу жөніндегі талдау орталығы мен «Ресей бүгін» ХАА-ның Зиновьев клубы  ұйымдастырды.

Ресейлік жетекші саясаттанушылар мен сарапшылар Мәжіліс сайлауын өткізудің себептері мен жаңа сайлау науқанының ерекшеліктерін талқыға салды. Сонымен қатар, олар дауыс берудің нәтижелері мен Қазақстандағы саяси үдерістердің өріс алуы жөніндегі  жөніндегі болжамдар бойынша пікір алмасты. Бұған қоса сарапшылар қазақтандық-ресейлік қарым-қатынастардың қазіргі таңдағы жағдайы жөнінде ой бөлісті.

Өңірлік проблемалар институтының директоры Дмитрий Журавлев Қазақстан басшылығының сайлауды дәл қазіргідей күрделі экономикалық жағдайдың стратегиялық шешімдер қабылдауды қажет етіп тұрған тұсында өткізілуі ұтымды шешім болғандығын айтты.  «Сайлау депутаттарды палатаға сайлау дегенді ғана білдірмейді. Ол бірінші кезекте   осы уақытта жүргізіліп жатқан саясатқа деген халықтың берген бағасы және бұдан әрі жаңа саясатты жүзеге асырудың мүмкіндігі»,-деді сарапшы.

Оның пайымынша, саяси жүйе саяси элиталарды жаңартып отырғанда ғана өміршең болады. Ал, қазіргі сайлау Қазақстандағы кадр құрамын жаңартуға деген тамаша мүмкіндік. Сайлау елдегі тұрақтылыққа зиянын тигізбейді, тіпті мемлекеттің одан әрі дамуына серпін береді.  

Хабарламаларға жазылу