Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

12.02.2016
Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.

О.Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.

Хабарламаларға жазылу