Олжас Сүлейменов Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Сүлейменов Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен кездесті

18.05.2015
Олжас Сүлейменов Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен кездесті

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті.

Шара Олжас Омарұлының туған күніне орай ұйымдастырылды.

Жиын барысында Семей полигонының жабылуына тікелей ұйытқы болған Алаштың арда ұлы шығармалары негізінде дайындалған «Біз болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбында әдеби-театрландырылған қойылым көрсетілді.

Студенттер қаламгердің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарын қойып, емен-жарқын әңгімелесті.

 

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ  

Хабарламаларға жазылу