Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаев Мұқағали Мақатаев образын театрда алғаш сомдаған актер. Ақынға арналған пьесаның сахналанып жүргеніне биыл 13 жыл. Осы уақыт аралығында қойылым, ел сүйіспеншілігіне бөленіп, танымал театр туындыларының біріне айналды.
«Ақынға арналған спектакль біздің Қаллеки театрында бастау алды. Одан кейін Әкім ағамыздың жазғаны «Ақын... Періште... Махаббат» қойылымы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанды. Сосын ақын туралы тағы бір туынды Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. Осылайша, ақырын-ақырын келе жатыр»,-дейді актер.
Ал, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Алмас Сырғабаев Мұқағали образынан галерея жасаған қылқалам шебері. Ақынның өлеңдері мен поэмаларын тану арқылы көптеген иллюстрациялық туындылар өмірге келген.
«Нұрғиса мен Мұқағали туралы «Саржайлау» деген картина салдым. Ақынның «Сәби ана» деген өлеңіне арналған картинам бар. Соғыстан қайтпаған ұлын сағынған ана образы. Өлең – тұнған картина, оны салу керек»,-дейді суретші.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.