Жоғалған «Шерлок Холмс» фильмі 100 жылдан соң табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған «Шерлок Холмс» фильмі 100 жылдан соң табылды

06.10.2014
Жоғалған «Шерлок Холмс» фильмі 100 жылдан соң табылды

Атақты детективтің рөлін 80 актер сомдады. Ал, олардың ең алғашқысы – театр әртісі Уильям Джиллет еді. Холмсты ала костюмі, ерніне қыстырған мүштігі, қолына ұстаған таяғы, басында аңшылар киетін бас киімі бар образын халыққа танытқан дәл осы актер. Бұл бейне  кейін де талай із кесушінің образын келтірді.

Мұрағатта сонау 1916 жылдан бері сақталған пленка жоғалдыға саналған еді. Қазір үнсіз кадрлар қайта қалыпна келтірілуде. Француз мамандары 2015 жылдың қаңтар айына дейін үлгеруге уәде беріп отыр. Олар бұл фильмді «Toute la mémoire du monde» кинофестивалінде көрсетпекші.

Хабарламаларға жазылу