Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрда «Мұқағали» драмасы қойылады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрда «Мұқағали» драмасы қойылады (ВИДЕО)

06.01.2015
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрда «Мұқағали» драмасы қойылады (ВИДЕО)

Актер жуырда «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді.

«Еңбегің еленіп жатса, өнер адамы үшін нағыз бақыт - сол. Берілген марапат жауапкершілікті арттырып, шабыт сыйлайды», дейді ол.

Театр ұжымы өткен жылдың желтоқсан айында көрермендерге «Көлеңкесіз жолаушы» қойылымын ұсынды. Қазіргі уақытта балаларға арналған жаңажылдық «Бразилия байлығы» атты ертегі жүруде.

Ал, бүгін, сағат 16.00-де Серік Тұрғынбековтің «Мұқағали» драмасы қойылады.

«Театрда сомдаған рөлдерімді бөліп-жарып айта алмаймын. Рөл - өзіңнің тәрбиелеген балаң сияқты. Оның бәрі маңдай термен келген. Десек те, менің бағымды жандырған - Мұқағали рөлі болды. Ол - қазақ театры сахнасындағы тың бейне, тың образ. Атақ-даңққа қол жеткізіп жатқаным да осы рөлдің арқасы», дейді актер.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу