Қазақстанда кальциленген сода шығаратын зауыт салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда кальциленген сода шығаратын зауыт салынуы мүмкін

08.02.2016
Қазақстанда кальциленген сода шығаратын зауыт салынуы мүмкін

Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз қазір тау-кен өндірісі саласына инвестиция тартумен байланысты мәселелерді қарастырып жатырмыз. Бірқатар ирандық компаниялар бұл жобаға  қызығушылық танытып отыр және олар «Бәйтерек» холдингі мен біздің еншілес кәсіпорындарымызды әріптес ретінде көргілері келеді»,-дейді  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев. 

Холдингтің баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, бизнес-форум аясында «Бәйтерек» холдингі мен Иранның Ұлттық даму қоры басшыларының кездесуі өтіп, оның барысында екі елдің бірлескен инвестициялық  қорын құру мәселесі қаралған. Иранның бірқатар инвесторлары бұл жобаға қызығушылық танытып, оған қатысуға дайын екендіктерін де бідірген.   

Өз кезегінде Иранның Өнеркәсіп, сауда және кен орындары министрі Мохаммед Реза Нематзаде Қазақстан мен Иран кәсіпкерлеріне өзара ынтымақтастық ауқымын кеңейте беруге шақырды. 

«Біз бұрын қазақстандық достарымызбен жиі әрі нәтижелі кездесулер өткізетінбіз. Осы кездесулерге менің өзім де қатысқан болатынмын. Қазақстан-біздің жақсы көршіміз. Сіздер байланыс пен жол бағыттарын қалыптастыру үшін біздің оңтүстік айлақтарымызға инвестициялар сала аласыздар»,-деді бизнес-форум барысында Мохаммед Реза Нематзаде.

Хабарламаларға жазылу