Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директорын қабылдады

13.06.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директорын қабылдады. Роберт Юксель Йылдырым, Жамбыл облысындағы кальций қосылған сода шығаратын зауыт құрылысының барысы туралы баяндады. Жобаның құны – 400 миллион доллар. Сонымен қатар түрік кәсіпкері, Ақтөбе облысындағы хром концентратын өндіруге және өнім шығаруға қатысты инвестициялық жоба туралы мәлімет берді. Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде, қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі «Қазгеология» кәсіпорнымен бірлескен жұмыстары туралы айтты.  

Хабарламаларға жазылу