23-35 жас аралығындағы журналистер шетелде тәжірибеден өту үшін өтініш бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

23-35 жас аралығындағы журналистер шетелде тәжірибеден өту үшін өтініш бере алады

08.02.2016
23-35 жас аралығындағы журналистер шетелде тәжірибеден өту үшін өтініш бере алады

«Халықаралық журналистік бағдарламалар» ұйымы (Internationale Journalisten-Programme/IJP)  журналистерді Марион Денхофф атындағы шәкіртақыға өтініш беруге шақырады.

Екі айлық бағдарлама мақсаты – халықаралық тақырыптарды жазуға маманданған жас журналистерге шетелде біліктілігін арттыруға көмектесу.

Бағдарламаға 23-35 жас аралығындағы БАҚ қызметкерлері қатыса алады. Үміткерлер неміс тілін еркін меңгерген болуы тиіс. 

Жоба 2016 жылдың қазан айында басталады. 4 күндік алғашқы семинар Германияның бір қаласында немесе Шығыс Еуропада болады. Бағдарлама неміс редакциясындағы 8 апталық іс-тәжірибемен жалғасады.

Әр қатысушы жол шығыны, медициналық сақтандыру және Германияда тұруына 3800 еуро көлемінде шәкіртақы алады.

Айта кетейік, өтініштер 15 сәуірге дейін қабылданады.

 

www. ijnet.org

ФОТО: academia.kz

Хабарламаларға жазылу