«Сыр жастары»: Қызылордада жас отбасыларға жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі
Қызылордада биыл жас отбасыларға жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі. Игі бағдарламаға түрлі қаржы көздерінен 1,7 миллиард теңге қаралып отыр.
Жалпы облыста 7 мыңдай жас тұрғын үй кезегінде тұр. Жергілікті әкімдік баспана мәселесін шешу үшін биыл «Сыр жастары» бағдарламасын қолға алды. Үйден үмітті қатысушыларға қойылатын басты талап - соңғы 2 жылда облыста тіркеуде тұруы тиіс. Оған 18-35 жас аралығындағы жастар өтінім бере алады. Ал жеңілдетілген ипотекалық несие 19 жылға 5 пайыздық үстемемен «Отбасы банк» арқылы беріледі. Сондай-ақ, бұл жобаға мемлекеттік қызметшілер ғана емес түрлі салада еңбек етіп жүрген жастар да қатыса алады.
Рыскелді Жахман, жас журналист:
Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы туралы естігенде өзім ерекше қуанғандардың бірімін. Өйткені, бұл сыр жастарына деген жақсы мүмкіндік, жақсы қолдау деп білемін. Шыны керек, бұған дейін журналистер ешқандай санатқа жатпай баспаналы болу мүмкіндігінен қағылып жатқан болатын. Бұл үлкен мүмкіндік болып тұр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09