Әуелбек Қоңыратбаев - қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі. Оның үлкен табыстарының бірі - «Ежелгі түркі тайпалары поэзиясы және қазақ фольклоры» тақырыбындағы докторлық диссертациясы.
Бұл еңбек өзінің құндылығымен Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Бейсенбай Кенжебаев сынды ғалымдардың назарына ілігіп, жоғары бағасын иеленді.
Жуырда ғалымның бейнежазбасы табылды. Бейнежазба өткен ғасырдың 80-ші жылдары түсірілген. Ұлт зиялысы көрермендер арасынан көзге шалынады. Бейнетаспа иесі - ғалымның ұлы Тынысбек Қоңыратбаев оны аса құнды жәдігерге балайды.
Әуелбек Қоңыратбаев 1948 жылы «діни сарындағы шығармалар жазды» деген желеумен Алматыдан Қызылордаға жер аударылады. Өмірінің соңына дейін Сыр өңірінде тұрып, өнімді қызмет атқарған ғалым туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.