Шөген (поло) ойыны қандай ойын? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шөген (поло) ойыны қандай ойын? (ВИДЕО)

29.01.2016
Шөген (поло) ойыны қандай ойын? (ВИДЕО)

Ерте замандарда Орталық Азияны мекендеген көшпенділердің ат үстінде ойнайтын спорттық ойындары көп болған. Бүгінде Еуропада танымалдылыққа ие полоның түп тарихы негізінен Орталық Азиядан шыққаны туралы деректер көп.

2500 жыл бұрын көне парсылардың поло ойнағаны  туралы  айтылады. Ал, қытайлар бірнеше мың жыл бұрын өздерінің дәстүріне енгізген екен. Негізінен бұл көне ойынды спорттық деңгейге көтерген көшпенді халықтар.

Қайбір замандарда жетісулық моғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алып, Орталық Азиядан полоны сол жаққа жеткізген көрінеді. Шөгеннің (поло) қысқаша тарихы осындай.

Бір кездері ұмыт болған шөген ойыны бүгінде қайта жанданып келеді. Арнайы федерация да құрылып, бағыт-бағдары айқындалған.

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойы қарсаңында поло ойынына арнайы алаң салынды. Сол кезде шөген алғаш рет халық алдында ойнатылды да.

Тақымы мықты, қолы епті жігіттер поло ойнауға жергілікті жылқы жарамайды деген қасаң пікірді жоққа шығарды. Қазақ тұқымды жылқыны баптап, шөген ойнауға үйреткен. Қазір федерацияның меншігінде 50-ден аса жылқы бар.

Түркітектес халықтардың ортақ ойынының ережелері мен ерекшелігі қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу