«Айтуға оңай...». Жамбы ату ұлттық ойыны туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Жамбы ату ұлттық ойыны туралы не білесіз? (ВИДЕО)

25.05.2017

Кез келген ұлттық мәдениеттің бет-бейнесі болады. Сол бет-бейне - ұлттық бірегейліктің көрінісі. Ата-бабаларымыздан қалған ұлттық ойындар спорт деңгейінде емес, кезінде мәдениет биігіне көтерілген еді. Сол мәдениет өркениеттің бір өзегі іспеттес болатын. Ал, қазір біздер ата-бабадан қалған сол мұраларды сақтап, әрі жаңғыртып отырмыз ба?

Жамбы ату – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойыны. Жамбы ату үшін мергенге жүйрік ат пен садақ керек. Жамбы алтыннан немесе күмістен құйылады. Ойыншы атпен шауып келе жатып, нысанын садақпен атып түсіреді. Мұндай жаттығулар көшпенділердің әскери күш-қуатын жетілдіріп отыру үшін ауадай қажет болған.

Ұмытыла бастаған жамбы ату ойыны ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен қайта жаңғырды.

Хабарламаларға жазылу