Хип-хоп биінің тарихын білесіз бе? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хип-хоп биінің тарихын білесіз бе? (ВИДЕО)

26.01.2016
Хип-хоп биінің тарихын білесіз бе? (ВИДЕО)

Би – артериалдық қан қысымын түсіріп, жүйкені тыныштандырады. Мамандар кәсіби бишілердің ешқашан Паркинсон ауруына шалдықпайтынын айтады. Египетте шығыс биін билеушілер мемлекетке жылына 264 миллион доллар салық төлейді екен.

Ал, үнді биінің пайдасы тіптен көп. Биге эмоция беру арқылы көзден өзге басқа да дене мүшелері қозғалысқа түседі. Бұл бұлшықетті жаттықтырып, адам сымбатын келісті етеді.

Хип-хоп биінің отаны Нью-Йорктегі Оңтүстік Бронкс. Би тарихы өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастау алады. Жанры да баршаға танымал. Бірақ, онымен кәсіби айналысатындар хип-хопты өз ішінде бірнеше бағытқа бөледі. Мысалы, крамп, брейк данс.

Аян мен Сұңқардың хип-хоп биіне деген ықыласы ерекше. Биді ғаламтор арқылы үйренген олар, әуенге үйлесімді қимылдар дайындайды. Бүгінде жеке топ құрып алған.

Жастардың биге деген қызығушылығы неден басталды? «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу