121 жыл бұрын адам алғаш рет Антарктидаға аяқ басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

121 жыл бұрын адам алғаш рет Антарктидаға аяқ басты

24.01.2016
121 жыл бұрын адам алғаш рет Антарктидаға аяқ басты

Тарихта Антарктида жағасын алғаш рет Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лазарев бастаған ресейлік экспедициясының мүшелері көрген. Бұл оқиға 1820 жылдың 27-ші қаңтарында болған еді. «Восток» және «Мирный» желкенді кемелері қатысқан бұл дата тарихқа 19 ғасырдың ең таңдаулы географиялық жаңалықтарының бірі – Антарктида ашылуы болып енді.

Алайда, Антарктида жағасына адам аяғы тек бірнеше онжылдықтан кейін басты. Яғни, 1895 жылдың 23-ші қаңтарында жаңа жерге алғашқылар болып норвегиялық экспедиция мүшелері түседі.

Нақты айтсақ, Антарктида жеріне норвегиялық «Антарктик» балық аулау кемесінің капитаны Кристенсен мен кеме жолаушысы, жаратылыстану ғылымдарының оқытушысы Карлстен Борхгревинк алғашқы болып аяқ басты. Бір қызығы, дәл осы ғалым капитанды кемені жағаға апарып тоқтауға кеңес берген. Сонымен қатар, ол онда минералдар үлгілерін алып, антарктидалық қынаны суреттеп, суда медузаны байқаған.

Адамдардың жаңа материкте көрген таңғажайып көріністерінің бірі – поляр шұғыласы еді. Бірнеше жылдардан кейін Борхгревинк «Южный крест» (1898–1900) кемесінде үлкен экспедицияның басшысы ретінде Антарктидаға оралып келеді.

Хабарламаларға жазылу