Токиода бір тәулікте 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиода бір тәулікте 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырды

18.11.2020

Жапония астанасы Токиода бір тәулікте 500-ге жуық адамнан коронавирус табылып, рекорд жаңартылды. Қауіпті дерттен пандемия басталғалы алғаш рет мұнша тұрғыннан анықталып отыр. 

Айта кетсек, жұқтыру оқиғалары келесі жылы Жазғы Олимпиаданы қауіпсіз өткізуге әзірлік жүріп жатқанда көбейді. Дегенмен, үкімет төтенше жағдай жариялау қажет емес дейді. 

Жапонияда ковид диагнозы жыл басынан бері 121 мыңдай адамға қойылып, инфекциядан 1913-і қайтыс болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу