Америка президенті тарихта алғаш рет Солтүстік Корея жеріне аяқ басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америка президенті тарихта алғаш рет Солтүстік Корея жеріне аяқ басты

01.07.2019

«Сені қайта көргеніме қуаныштымын. Керемет сезімдемін. Өте тамаша!» , - дейді Ақ үй басшысы Дональд Трамп. Ол Ким Чен Ынмен Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы шекара бойындаа жүздесті.

Келіссөздер барысында екі лидер Корей түбегін ядролық қарудан тазарту жолындағы диалогты әрі қарай жалғастыруға уағдаласқан. Мұны бүгін Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу