Ұлттық арнада – «Серілер» тобының кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Серілер» тобының кеші

23.01.2016
Ұлттық арнада – «Серілер» тобының кеші

Ақын Исраил Сапарбайдың сөзіне жазылған Арман Бексұлтанның «Қазақтың қара баласы» әні «Серілер» тобының «төлқұжатына» айналған ән. Халық мақамымен жазылған толғауды көпшілік ұрпаққа үндеу ретінде қабылдады. Ән халық арасында кеңінен тарап, әншілердің шығармашылығына жол ашты.

Қазір олардың репертуарында 40-қа жуық ән бар. Тоқтар Серіковтің «Бір көш кетіп барады», Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Руһ пен тіл» ән-толғаулары тыңдарман тарапынан жоғары бағаланды. 

Осы жылдар ішінде бірнеше елде гострольдік сапарда болып, қазақ әндерін насихаттап жүрген топтың шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:20-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу