«Серілер» тобының концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Серілер» тобының концертін көріңіз

10.04.2016
«Серілер» тобының концертін көріңіз

Ақын Исраил Сапарбайдың сөзіне жазылған Арман Бексұлтанның «Қазақтың қара баласы» әні топтың «төлқұжатына» айналды.

Халық мақамымен жазылған толғауды көпшілік ұрпаққа үндеу ретінде қабылдады. Ән халық арасында кеңінен тарап, әншілердің шығармашылығына жол ашты.

Қазір олардың репертуарында 40-қа жуық ән бар. Былтыр Алматыда топтың «Қазақтың қара баласы»  атты шығармашылық кеші өткен болатын.

Сол кештің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу