Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінң баспасөз қызметінен хабарланды.
Еркін Шаймағамбетов 1974 жылы 7 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тасбөгет ауылында дүниеге келген. Үйленген, ұлы бар.
1998 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтын «Ғарыштық ұшу аппараттары және үдету блоктары» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы наурызда ҚР Ғылым академиясы – Ғылым министрлігі Ұлттық аэроғарыш агенттігі «Байқоңыр» ғарыш айлағының басқармасында бас маман болып бастады. 1998 жылы қарашада бөлім басшысы болып тағайындалды.
2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы Басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2007 жылдың маусымынан бүгінге дейін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет етуде.
2014 жылдың қазанынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.