Алматыда тұңғыш рет британдық «Gecko» театры өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұңғыш рет британдық «Gecko» театры өнер көрсетеді

01.02.2016
Алматыда тұңғыш рет британдық «Gecko» театры өнер көрсетеді

Алматыда  жылдың 5-6-шы және 7-ші ақпаны аралығында өтетін Халықаралық «Сырласу» орындаушылық өнер фестивалі барысында британдық атақты «Gecko» театры «Институт» қойылымын көрсетеді. Қойылым М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтеді.

«Gecko» театры көптеген халықаралық жүлделерге ие. Ал «Институт» қойылымы адами қарым-қатынастарға арналған. Мұнда адамның қалыптасуына қатысты іштей пайда болатын мысқылды көзқарастар паш етіледі.

«Gecko» театрының көркемдік жетекшісі және «Институт» қойылымының авторы - Амит Лаав.

Хабарламаларға жазылу