Елбасы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

21.01.2016
Елбасы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысының өндірісі дамыған, өсім қарқыны жоғары, экономикасы әртараптандырылған аймақ екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Облыс аумағы арқылы автомобиль жолдары, соның ішінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі, теміржол желілері, газ құбырлары өтеді. Олардың маңайында сервистік орындарды дамытып, жұмыс орындарын ашуға болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды.

«Жаһандық дағдарыс әлемнің көптеген елдерін қамтыды. Сондықтан, бұл орайда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті қаржылық жағынан қолдау, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету маңызды», – деді Қазақстан Президенті.

Ақтөбе облысының әкімі Қазақстан Президенті тапсырмасының және өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында азаматтардың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

Хабарламаларға жазылу