Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі ашылды
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі ашылды. Орталық Азияда баламасы жоқ спорт нысаны барлық халықаралық стандарттарға сай.
Манеждің жалпы көлемі - 6910, 85 шаршы метр, сыйымдылығы - 680 орын, құрылыс құны - 850 миллион теңге.
«Елбасы азаматтардың денсаулығын жақсартуға көп көңіл бөлу қажеттігін тапсырды. Шығыс аймақ тұрғындарының 25 пайызы спортпен шұғылданады. 3 жыл ішінде облыста 300 спорт нысаны салынды», - деді ашылу салтанатында сөз алған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар, шарада өңір басшысы биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Юлия Галышеваға пәтер кілтін табыстады.
Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясының президенті Павел Новиков Бердібек Сапарбаевты спорттың дамуына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09