«National Geographic» журналының қазақ тіліндегі алғашқы саны жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«National Geographic» журналының қазақ тіліндегі алғашқы саны жарыққа шықты

20.01.2016
«National Geographic» журналының қазақ тіліндегі алғашқы саны жарыққа шықты

Журналдың бірінші беті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылық ұжымға жолдаған арнайы құттықтау хатымен ашылған.

Онда Елбасы: «Мен әлемге әйгілі басылымның Қазақ жерінде, қазақ тілінде жарық көруін ана тіліміздің халықаралық деңгейдегі тағы бір жетістігі деп бағалаймын», - деп атап өтеді. «National Geographic Қазақстан» журналының негізгі мақсаты - экологиялық мәселелермен қатар, еліміздің қайталанбас сұлу табиғатын, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесінің алуандығын насихаттау.

Сондай-ақ, қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне ақпараттық қолдау көрсету. Осы мақсатта журнал ұжымы биыл еліміз бойынша бірқатар зерттеу экспедициялары мен фотокөрмелер ұйымдастырмақ.

Хабарламаларға жазылу