Шымкенттегі жолаушылар көліктеріне электронды валидаторлар орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі жолаушылар көліктеріне электронды валидаторлар орнатылады

20.01.2016
Шымкенттегі жолаушылар көліктеріне электронды валидаторлар орнатылады

Шымкент қаласының әкімдігі мен кореялық «Korea Smart cart» кәсіпорнының басшылары арасында қол қойылған екіжақты меморандумның нәтижесінде Шымкентте заманауи жүйе іс жүзінде жүзеге асырылады.

Баспасөз мәслихатында қалаға арнайы келген кәсіпорын басшысы Ли Ми Хо аталмыш мәселе бойынша тілшілердің қойған сауалдарына жауап берді.

Енді қала тұрғындарының әрқайсысына жеке төлем карталары беріледі. Жолаушылар сол арқылы карта есеп-шотын өзі қалаған сомаға толтырып, қоғамдық көліктерде электрондық қызметті пайдалана алады.

Қаладағы автотранспорт қауымдастығы басшыларының ұсынуымен алдағы қалалық сессия мәжілісінде сәуір айынан бастап жолақы құнын 70 теңгеге көтеру мәселесі қойылмақ. Алайда, жолақы құны қымбаттағанмен, студенттер үшін бастапқы баға қаз-қалпында сақталмақ, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу