Өнер иелерінің арасында спортты да қатар алып жүргендер жетерлік. «Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы Асылхан Төлепов - таэквондодан қара белбеу иесі. Спорттық дайындығы оған ержүрек, шымыр кейіпкерлердіің рөлінде ойнауға мүмкіндік береді.
Ол кинода Сартай батырдың, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың рөлін сомдаса, жаугершілік заман батырлары - оның театрдағы образдары.
Халықтың сүйіктісіне айналған актер жуырда көрермендерімен кездесті.
Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 70-ші маусым басталысымен «Кейіпкер келбеті» жобасын қолға алған. Соның аясында көрермендер театрдың бірқатар әртістерімен жүздесіп, пікір алмасты.
«Қандай рөл болсын бас тартпаймын. Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді. Өйткені, бұл - менің мамандығым. Кіші рөл болмайды, кішкентай актер болады. Кішкентай рөлді үлкен қылып көрсету де - біздің қолымызда», дейді актер.
Актер Сартай батыр бейнесіне қатысты айтылған сындарды қалай қабылдады? Сахнадағы әріптестері ол туралы қандай пікірде? Отбасы қандай, ортасы кімдер? «Таңшолпаннан» біліңіз.