Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтеді

13.01.2016
 Астанада итальяндық режиссердің «Мадам Баттерфляй» қойылымының премьерасы өтеді

Қойылымның музыкалық жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы суретші – заманымыздың көрнекті сценографы Эцио Фриджерио (Италия), костюм суретшісі – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино (Италия), жарық суретшісі – Винченцо Рапони (Италия), бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Аталған операның «Ла Скала» сахнасында өткен әлемдік тұсаукесеріне 112 жыл болды. Мадам Баттерфляй деп аталып кеткен Чио-Чио-санның тарихы қалың көпшілікке белгілі. Американдық лейтенантқа ғашық болған және оған көптен күткен ұл сыйлаған он бес жасар жапондық гейша, сүйіктісінің жасаған опасыздығын білгеннен кейін өзіне-өзі қол жұмсайды.  

Спектакль психологиялық мизансценалар мен әртістердің еліктіріп әкететін драмалық ойындарына қанық. Безендіру жұмысымен жұлдызды құрам айналысатындықтан, өте тамаша қойылым болатыны сөзсіз.  

«Бұдан басқа, 27 қаңтарда «Астана Опера» театрында «Абай» операсының қойылымы, ал келесі күні камералық залда «Симфоника» циклінен В.А. Моцарттың 260 жылдығына арналған концерт көрсетіледі. Қаңтар айының соңында, 30 және 31 қаңтар күндері Үлкен залда Б. Асафьевтің «Бақшасарай субұрқағы» балеті қойылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу