«Дон Сезар де Базан» қойылымы көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дон Сезар де Базан» қойылымы көрерменге жол тартты

22.01.2015
«Дон Сезар де Базан» қойылымы көрерменге жол тартты

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік драма театрында «Дон Сезар де Базан» қойылымының премьерасы өтті.

XIX ғасырда өмір сүрген белгілі француз драматургтері Филипп Дюмануар мен Адольф д’Эннери пьесасын танымал режиссер Әубәкір Рахимов қазақ театрында алғаш рет сахналады.

Астарлы әзіл мен күлдіргі эпизодтарға толы комедия жанрындағы қойылым әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық қайшылықтарды көрсетеді.

 

Нұрлан НАУРЫЗӘЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу