Басты Жаңалықтар Air France қызметкерлері Парижге ұшып келген ұшақ шассиінен адамның денесін тапты

Air France қызметкерлері Парижге ұшып келген ұшақ шассиінен адамның денесін тапты

 Air France қызметкерлері Парижге ұшып келген ұшақ шассиінен адамның денесін тапты

Франциялық Air France әуе компаниясының өкілдері ұшақтың шассиінен мерт болған азаматтың денесін тапты, деп хабарлайды Франс Пресс.

Әуежай өкілінің айтуынша, мүрде оның кімдікі екенін анықтау үшін Париждегі сот-медициналық институтына жіберілді. Әзірге осы іс бойынша тергеу жұмыстарымен әуе-көлік тасымалы жандармериясы  айналасуда. 

Мұндай оқиғалар Еуропаның ірі әуежайларында жиі болып тұрады. Өйткені, осы елге заңсыз жолмен келуге ұмтылушылар саны өте көп, деп жазады ria.ru.

 

 

Бөлісу