Астың құрамын анықтайтын гаджет шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астың құрамын анықтайтын гаджет шықты

10.01.2016
Астың құрамын анықтайтын гаджет шықты

Француздар астың химиялық құрамын сканерлеу арқылы оның құнарлылығын анықтайтын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды Mashable. 

Басылымның жазуынша, француздық  стартаперлер жуырда өткен 2016 International Consumer Electronics Show электроника көрмесінде SciO деген атау берілген молякулярлы сенсор ұсынды. 

Бұл құрылғымен жұмыс істегенде оның инфрақызыл спектроскопиясы пайдаланылады. Оның көмегімен тағам мен сусынның химиялық құрамын дәл анықтауға болады.

SCiO гаджеті арқылы тіпті тағам құрамындағы молекулалардың жарықпен қалай үйлесетінін талдауға болады. 

Бұл құрылғыны дайындаушылар құрылғыны жасағанда денсаулығына байланысты асты пайдалануға шектеу қойылған азаматтарға көмектесу мақсатын қойған. Мысалы диабектиктер үшін.

SCiO құрылғысы арқылы астың құрамын, ондағы қант пен өзге де заттардың мөлшерін еш қиындықсыз анықтауға болады.

Бүгінгі таңда аталмыш құрылғыны 249 долларға сатып алуға болады.  

Хабарламаларға жазылу