Үндістан аймағында жүретін «Экспресс Махараджей» пойызына отыру үшін туристерге әр тәулігіне 800 доллар төлеу керек. Ал, Президенттік люкстің бағасы – 2500 доллар. Пойыздың әр купесі жоғары деңгейде жабдықталған.
Жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Тіптен, Президенттік люксте ванна қабылдауға болады. Сонымен қатар, пойыз ішінде арнайы салқындатқыштар мен DVD-плеер және ғаламтор желісі жұмыс істейді. Пойыз 100-ге жуық адамды тасымалдайды. Жақындарың мен туыстарыңа арнап кәде сыйлар алатын дүкенде осы пойыз ішінде кездеседі. Президенттік люкстер жеке вагонда орналасқан, бұндай VIP-купе 2 бөлмеден тұрады.
Саяхат барысында пойыз жаңа станцияда күні бойы тұрақтайды. Себебі, онда туристерге жергілікті жерді аралап, сол елдің дәстүрімен танысуына барлық мүмкіңдік жасалған.