Ашуға бой алдырмаудың жолдары (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ашуға бой алдырмаудың жолдары (ВИДЕО)

07.01.2016
Ашуға бой алдырмаудың жолдары (ВИДЕО)

Адам қиялында жүрген дүниесі орындалмай қалса, ашуға ерік беріп жатады.

Мысалы, интернет дүкеннен киім сатып алып жатып, оны ойша елестете берудің қажеті жоқ. Күткен затыңыз дәл ойыңыздағыдай болмаса, өзіңізді жегідей жей беретін боласыз.

Өмірде күтпеген жағдайларға тап болып, күйгелектікке салынып кетсеңіз, қызығушылығыңызды немесе ортаңызды өзгертіңіз.

Ашуыңызды жеңу үшін ұнамды естеліктерді еске түсіріңіз. Әлеуметтік желідегі суреттеріңізге қарап, өміріңізде кездескен жақсы адамдарды еске алыңыз. Өзіңізді жайлы сезінген уақытты ойға алыңыз.

Ашуды басудың тағы бір жолы - музыка. Сүйікті әуен сіздің көңіл-күйіңізді лезде көтереді.

Ашуға бой алдырмаудың тағы бір ең тиімді жолы – айналаңыздағылардың болмысын өзгертуге тырыспау.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу