Ашуға бой алдырмау үшін қажетті психологиялық кеңестер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ашуға бой алдырмау үшін қажетті психологиялық кеңестер (ВИДЕО)

11.05.2016
Ашуға бой алдырмау үшін қажетті психологиялық кеңестер (ВИДЕО)

«Болмашы нәрсеге ашулану - ақымақтық», дейді психолог мамандар.

Ашуланған адамға дауыс көтерудің орнына, сабырға шақыру қажет. Керісінше, ренжіткен адамыңызбен ашық сөйлесіп, кешірім сұраған жөн.

Ашушаңдыққа берілмеудің тағы бір жолы - бір сәттік сабырсыздықтан сақтанып, төзімді болуға тырысу. Жақын жандармен әңгімелесіп, сыр ақтару да шыдамсыздықтан және одан туындайтын жағымсыз әрекеттерден сақтайды.

Бойыңыздағы теріс энергиядан арылғанша, ренжітіп алған адамның телефон қоңырауларына жауап бермеңіз. Себебі, ашумен жағдайды ушықтыруыңыз мүмкін.

Ашуланшақтықтан сақтану үшін қажетті психологиялық кеңестер тізбегін толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу