Австралия жағалауында 15 жыл бойы жойылып кетті деп саналған жыландар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралия жағалауында 15 жыл бойы жойылып кетті деп саналған жыландар табылды

02.01.2016
Австралия жағалауында 15 жыл бойы жойылып кетті деп саналған жыландар табылды

Австралияның батыс жағалауында 15 жыл бойы жойылып кетті деп саналған екі улы жылан түрі табылды. Aipysurus apraefrontalis және Aipysurus foliosquama теңіз жыландарын зерттеушілер соңғы рет Тимор теңізінің маңында көрген. Және жыландар туралы мәліметтердің жазылған мерзімі – 1998-2001 жылдар аралығын қамтиды.

Бұдан кейін бауырымен жолғалаушылар еш жерде кездеспеген. Зерттеушілер оларды өлдіге санаған.

«Бұған дейін жыландардың бұл түрлерін тропикалық маржан рифте өмір сүреді деп ойлаған едік. Олардың Автралия жағалауы маңынан табылғаны біз үшін күтпеген жағдай болды», дейді австралиялық зерттеуші Бланш Д’Анастаси шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында.

Ғалымдар бұл сирек кездесетін жыландардың тері үлгісін алды. Осылайша, олар жыландардың жойылу себебін анықтамақ.

Хабарламаларға жазылу