Италияда мигранттар қайығы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда мигранттар қайығы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты

16.10.2019

Италия жағалауында апатқа ұшыраған мигранттар қайығынан тағы 12 адам табылды. Мәйіттер Жерорта теңізінде 60 метрлік тереңдікте жатқан.

Апат Лампедуза аралының жағалауында қазанның 7-де болды. Сол кезде борттағы 50 адамның 22-сі ғана аман қалған. 13-і қаза тауып, 20 шақтысы жоғалып кетті. Жағажай күзеті құрдымға кеткен қайыққа сүңгуір роботтың көмегімен тексеру жүргізді.

Соңғы уақытта теңізде апатқа ұшыраған босқындар оқиғасы жиілеп кетті. Италия елге заңсыз ағылған жүздеген мың мигрантты өзара бөлісу туралы Еуропалық Одақтан көмек сұраған-ды. Бұған санаулы мемлекет қана келіскенімен, олардың өздері әзірге нақты шешім қабылдамай отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу