Бүгін - Халық әртісі Мансұр Сағатовтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халық әртісі Мансұр Сағатовтың туған күні

02.01.2016
Бүгін - Халық әртісі Мансұр Сағатовтың туған күні

Бүгін - композитор, Халық әртісі ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері  Мансұр Сағатовтың туған күні.

Мансұр Сағатов 1939 жылы 2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген (29.08.2002).

К.Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектебінің флейта класында оқыған. 1963 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған

1963-1974 жылдары Қазақ радиосы музыкалық редакциясының редакторы, бас редакторы, директоры қызметтерін атқарды.

1974-1986 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігі жанындағы репертуарлық-редакциялық бөлімнің музыка жөніндегі аға редакторы болды.

Мансұр Сағатовтың шығармашылық жолы студенттік кезден басталады. Сол жылдары ол шекті аспаптар квартеті үшін сюита, виолончель мен фортепианоға арналған экспромт, қазақтың халық әні «Ләйлімнің» негізінде вариациялар жазды.

Симфониялық оркестрге арналған «Мерекелік увертюрасын» (1972), «Мерген» симфониялық күйін (1976), «Мемориал» атты симфониялық сюитасын (1979), «Диалогтар» поэмасын, «Ақын толғауы», (1972), «Мерекелік кантата» (1980), «Достық елі» кантаталарын, «Әлия» атты екі актілі балетін (1978) т.б. көркемдік деңгейі жоғары шығармалар жазды.

Композитордың «Туған ел», «Алматым менің», «Бақыт құсы», «Той кеші», «Мені ізде», «Кел, биле!», «Кешегі арман - он жеті» сияқты көптеген әндері мен романстары - халық арасына кең тарап, жұртшылықтың көңілінен шыққан туындылар. 

Хабарламаларға жазылу