«Таңшолпан». Бүгін – ҚР халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін – ҚР халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туған күні (ВИДЕО)

31.08.2017

Ол адамды адамгершілік пен сұлулыққа, өмірдің мәнін ұғынуға шақырады. Ақыл мен парасатқа үндейді.

Бүгін - театр өнерінің майталманы, ҚР Халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туған күні.

Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова киноға 1955 жылдан бері түсе бастады. Оның үлкен экрандағы алғашқы рөлі – «Дала қызы» көркем фильмі еді.

Бұрын тек сахналық фильмдерде рөл сомдаған Зәмзәгүл Нүсіпбайқызына кино өнерінің асулары оңай бағына қоймады.

«Мен өткен ғасырдың 50-інші жылдарынан бері қазақ театры мен кино өнері саласында қызмет етіп келемін. Театрсыз ұлтты, мемлекетті мәдениетті және өркениетті ел деп айту қиын. Театр – асыл да, ардақты, бекзат өнер», - дейді туған күн иесі.

 

Хабарламаларға жазылу