Бүгін - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаровтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаровтың туған күні

16.04.2016
Бүгін -  Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаровтың туған күні

6  жыл бұрын (2010) Қостанайда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің мұражайлар кешенін ашу рәсімі өтті.

6  жыл бұрын (2010) «Абай» халықаралық клубы «Аманат» журналын шығара бастады.

6 жыл бұрын (2010) Грозный қаласының №1 лицейіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

26 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 148 қаулысымен Қарағанды облыстық филармониясына Қали Байжановтың есімі берілді.

57 жыл бұрын (1959) танымал әнші, композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан композитолар одағының мүшесі, Республикалық «Жігер-87», Халықаралық «Ыстықкөл-89», «Бұқара-90» фестивальдерінің, Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың, «Азия дауысы-95», «Алтын диск-97» (Стамбул), Франциядағы «Достық әндері» фестивальдерінің, «Каир-2003» (Мысыр) халықаралық байқауының лауреаты Марат ОМАРОВ дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928-2013) әнші, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халықаралық театр институтының мүшесі Роза ЖАМАНОВА дүниеге келді.

98 жыл бұрын (1918) Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газеті шығарылды.

 

Хабарламаларға жазылу