Халқымызда мешін жылы туған тұлғалар аз емес. Мәселен, 1932 жылы Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза дүние есігін ашқан. Жазушының өмір жолы мен шығармашылық шыңы жас ұрпаққа өнеге.
Сондай-ақ, дәл сол жылы ақын Кәкімбек Салықов та дүниеге келген. Қаламгердің «Гәкку», «Тәттімбет», «Жезкиік» сынды поэмалары қазақ поэзиясындағы тыңнан түрен салған шығармалар қатарында.
Мешін жылы өмірге келген тағы бір жарқын тұлға – Шота-Аман Уәлиханов. Ол қазақ сәулет өнерінің жанданып, дамуына сүбелі үлес қосты. Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Шота-Аман Уәлиханов тарихта қалған бірнеше кешендерді жобалаушы.
Сонымен қатар, Қазақстанның Халық қаһарманы, әйгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов те мешін жылы туған. Оның әр жылдары сахналаған қойылымдары мен көркем фильмдері қазақ өнерінің құбылысы саналады.
Ал, 1944 жылы дүние есігін ашқандар қатарында ақын Ақұштап Бақтыгереева бар. Оның «Сені ойлаймын», «Аққанат», «Сүмбіле» секілді туындылары әдеби жауһарлар қатарына енген.
1956 мешін жылы қазақтың біртуар ақыны Ерік Асқаров өмірге келген. Оның айтыс өнеріндегі өзіндік өнері жазба поэзиядағы кесек сөздері даралығымен ерекшеленеді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.