Мешін жылы туғандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешін жылы туғандар

01.01.2016
Мешін жылы туғандар

Мешін жылы Сағат Жүсіп, Бауыржан Қарабек, Әмірхан Меңдеке, Амангелді Кеңшілікұлы, Иманғали Тасмағамбетов секілді елге танымал тұлғалар дүниеге келген.

Мешін белгісіндегілерге қиындықтың қай-қайсысы да шыбын шаққан құрлы әсер етпейді. Білім алуға, жаңа мамандық игеруге биылғы жыл өте қолайлы болмақ. Бір мезетте барлық шаруаны қатар алып жүруге деген ұмтылыс бизнесте жолыңызға бөгет болуы мүмкін. Мазалап жүрген қаржы мәселесін жыл басында реттеп алғаныңыз жөн.

Сондай-ақ, Мешін жылы қазақтардың пайымдауынша – жайсыз жыл деп есептеледі. 1920 жылы қазақ даласында мал қырылып, ол жылы – «Тас мешін» деп аталған. 1931-32 жылғы алапат аштық та мешін жылы болған. Ақ орда хандығы 1428 мешін жылы құлады, мешін жылы (1680) Әз-Тәуке хан таққа отырып, ел биледі.  

Еске сала кетейік, биылғы Мешін жылында қазақ үшін дөңгелек дата да, мерейлі мереке де көп: Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алашорда өкіметінің 100 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы...

Хабарламаларға жазылу