Крис Эванс ең көп пайда түсіретін актерлердің тізімінде топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Крис Эванс ең көп пайда түсіретін актерлердің тізімінде топ жарды

28.12.2015
Крис Эванс ең көп пайда түсіретін актерлердің тізімінде топ жарды

«Forbes» басылымы 2015 жылы өзіне жұмсалған ақшаны ақтаған голливудтық жұлдыздардың рейтінгін анықтады. Бұл тізімде актер Крис Эванс топ бастап тұр. Ол өзіне төленген әрбір доллар үшін 181 АҚШ долларынан қайтарған.

Екінші орында – Мила Кунис. «Jupiter Ascending» фильмі бойынша ол әр доллар үшін 87 доллардан қайтарған.

Ал, үздік үштікті Скарлетт Йоханссон түйіндейді. Актриса өзіне төленген әрбір доллар үшін 84 доллардан қайтарған.

Үздің ондыққа енетін басқа да Голливуд жұлдыздарының тізімі:

4. Гвинет Пэлтроу (әр доллар үшін 82,9 АҚШ долларын қайтарған);

5. Эмма Стоун (54 АҚШ долларын);

6. Крис Хемсворд (42,4 АҚШ долларын);

7. Вин Дизель   (40,3 долларын);

8. Дженнифер Лоуренс (39,1 долларын);

9. Марк Уолберг (37,9 долларын);

10. Дуэйн Джонсон (28, 1 долларын қайтарған).

Хабарламаларға жазылу