«Forbes» журналы 2015 жылы ең көп табыс әкелген актерлер тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Forbes» журналы 2015 жылы ең көп табыс әкелген актерлер тізімін жариялады

01.01.2016
«Forbes» журналы 2015 жылы ең көп табыс әкелген актерлер тізімін жариялады

Тізімді актер Крис Эванс бастап тұр. Оған жұмысалған әр 1 доллар киностудияға 181,8 доллар болып қайтқан. Екінші орында – актриса Мила Кунис. Ол өзіне жұмсалған әр 1 доллардың орына 87,3 доллар пайда әкелген. Үшінші орындағы  актриса Скарлетт Йоханссон 85 доллар табыс әкелген.

Төртінші орында Гвинет Пэлтроу тұр. Ол өзіне жұмсаған 1 доллардың орнын 82,9 доллармен толтырған. Үздік бестікті Эмма Стоун 54 доллармен аяқтап тұр.

Екінші бестік: Крис Хемсворт (42,1 доллар), Вин Дизель (40,3 доллар), Дженнифер Лоуренс (39,1 доллар), Марк Уолберг (39,1 доллар) және Дуэйн Жонсон (28,1 доллар).

Хабарламаларға жазылу