Димаш тағы топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш тағы топ жарды

21.02.2019

Димаш тағы да жеңіске жетті. Ол Америкада өтіп жатқан  «The World's Вest» байқауының үшінші айналымына өтті. Димаш өнер сайсының екінші айналымында Америкалық әнші әрі музыкант Эрик Карменнің «All by Myself»  композициясын орындады. Әлемге танымал әнді шебер орындаған қазақстандық әнші ең жоғары ұпай жинады. Байқасаңыздар,

Димаш қай елде жүрсе де қазақтың ұлттық құндылығын үнемі насихаттап жүреді. Басқа өнерпаздардан сонысымен ерекшеленеді. Бұл жолы әннің бастапқы әуенін қобыздың үнімен бастауының өзі неге тұрады... 

«The World's Вest» - талантты адамдарға арналған «CBS» телеарнасында көрсетілетін жоба. Төрешілердің  бәрі дүниежүзіне танымал өнер адамдары. Ақырғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен 50 сарапшы қабылдайды.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу