Қазақстан спортшылары топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан спортшылары топ жарды

07.06.2023

Қазақстандық велошабандоздар Таиландта өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы командалық сында отандастарымыз үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ Оңтүстік Кореядағы жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Құрлықтық бәсекенің соңғы күнінде ел қоржына 2 медаль түсті. Қыздар арасындағы 1200 метрдегі аралас эстафетада жерлестеріміз күміс медаль жеңіп алса, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде қазақстандық Кристина Ермола мәре сызығын үшінші болып кесті. Қазақстан құрамасы: 5 күміс, 6 қоламен жалпы командалық есепте 11-орынға жайғасты.

Данияр Асылбек

Хабарламаларға жазылу