«Еуропаның жыл көлігі» байқауын ұйымдастырушылары биылғы жылдың үздік атвокөлігіне үміткер 7 көліктің тізімін жариялады.
Тізімде еуропаның (Audi A4, Jaguar XE, BMW 7-Series, Skoda Superb, Opel Astra, Volvo XC90) алты көлігімен жапонияның «Mazda MX-5» модельі енген. Жапон көлігі жуырда ғана Жапонияның жыл көлігін атаған еді.
Айта кетейік, өткен жылы «Еуропаның жыл көлігі» «Volkswagen Passat» атанған. Екінші орын – «Citroen C4 Cactus» және үшінші орын «Mercedes-Benz C-Class» көлігіне бұйырған.
Жеңімпаз көліктің есімі 2016 жылдың 29 ақпанында жарияланады.